Отпанда жастар ойын-сауық құрып, ай астында алтыбақан тербелді….

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК және Мұнайлы ауданының Қызылтөбе мәдениет үйі қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық ойын-сауық кеші өтті.

Шараның мақсаты – ұмыт болып бара жатқан алтыбақан ойынын жаңғырта көрсету арқылы қазақ жастары арасында, нақтылап айтсақ қыз бен жігіт арасындағы сыпайы сыйластықты, қазақы қарым-қатынасты насихаттау. Сонымен қатар қазіргі телефонға телмірген, қала тірлігінен шаршаған жастарға бір ауық бұрынғы ауыл жастарының ойын-сауығын көріп, ескіні еске түсіріп, тарихи тамырына үңілуге мүмкіндік туғызу.

Киіз үйде ауыл үлкендерінің алты ауызымен және батасымен басталған ойын-сауық кеші «Қарашаңырақ» алдында құрылған сахнада жалғасты. Сахна жанында – қыз бен жігіт тербелген алтыбақан. Ойын-сауық кешінде қыздар мен жігіттер екі жақ боп түрлі өнер сайыстарын өткізді. Жеңілгендері жеңген жақтың талабын орындап, ән мен күй төгілді. Ұнатып қалған қызына жігіт сақина ұсынып, сезімін білдірсе, қыз келіскеннің ишарасын білдіріп, өзі тоқыған кестелі орамал ұсынды. Осылай сайыса келе бір-бірімен жарасқан жастар мен дуылдаған думан түн ауа ақсүйек ойнауға ұласты.

Шара соңында кешен директоры Жадыра Кетеева Қызылтөбе мәдениет үйі ұжымына (директоры Гүлмира Себепбаева), алтыбақанды ұйымдастырушы мамандар мен қатысушыларға (Жарылкапова Тыныштық, Елбетеров Қосай, Қызыл Мөлдір, Бүркітов Саламат, Қармысова Тыныштық, Орынбай Наурыз, Алиева Жансая, Гизатуллин Әнет, Темірбек Ислам, Қамбаров Асылмұрат, Гасангусейнова Виктория Магомедовна, Жолдасбаев Сұңғат) ризалығын білдіріп, Алғыс хат пен естелік сый тапсырды. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 16:32  Оқылған саны: 490




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40