КҮЗГІ ПЛЕНЭР -2021.

Пленэр – француз тілінен аударғанда – «ашық ауа» дегенді білдіреді. Айнала қоршаған атмосфера мен күн сәулесі әсеріне байланысты картинадағы бояу түстерінің өзгеруін білдіретін кескіндеме ұғымы. Пленэрлік кескіндеу суретшілердің натураны дәлме-дәл бейнелеу үшін картинаны шеберханада емес, ашық далада, табиғат аясында салуына байланысты қалыптасты.

Күз кезі – табиғаттың ерекше көрініс беретін мезгілі. Әсіресе осы уақыттың әдемі кезеңін орманы бар жерде тамашалаған жақсы. Халық арасында «Алтын күз» деп айтылатыны да содан. Ал, біздің өлке дариясы мен орманы болмаса да, өзіндік табиғат әдемілігінен кенде емес. Маңғыстаудың «кіндігі» саналатын таулы аймақтың күзде мүлгіп, өсімдік жамылғысы сары іреңге боялып бейне бір тыныштық тапқандай болады. Әсіресе, табиғат аясында, биік шың басында, көк аспан астында орналасқан зәулім ақ мәрмәр кесене, күн сәулесімен шағылысқан алтын күмбез табиғатпен үндескендей күйде тұрады...

Соңғы жылдары «Адай ата — Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде бейнелеу өнерімен айналысатын жас суретшілердің пленэрі тұрақты ұйымдастырылып келеді. облыстық өнер колледжінің студентері, Ақтау қаласы мектептерінің оқушылары, Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің жас суретшілері т.б. қатысқан болатын. Биыл да Маңғыстау өнер колледжінің түлегі — кәсіби суретші Ертіс Есжановтың шәкірттері, Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Болашақта осы дәстүрлі шараны табиғаттың оянған сәті – көктемде өткізуді ұйғардық. Іске — сәт! 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 16:54  Оқылған саны: 43




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40