Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.

Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.

13 наурыз күні кешке "Қарашаңырақта" жұртшылық облыс әкімі Серікбай Трұмов пен кешен идеясының авторы, ақын Сабыр Адай мерекеге жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Салтанат соңынан көпшілік Маңғыстау мәдениет үйінің "Отпан" ұлттық-фольклорлық ансамблінің концерті мен Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры жас актерларының орындауында ұлттық салт-дәстүрімізге арналған театрлық қойылымдарды тамашалады.

14 наурыз күні "Адай ата-Отпан тау" кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне орай ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға арналған бірнеше шаралар өтті. "Тұсауыңды кесейін- күрмеуіңді шешейін" шарасы аясында Тұщыбек ауылы тұрғындары Есбол немересі Рамазан мен Әбдіқасымұлы Сардардың тұсауын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кешен идеясының авторы Сабыр Адай кесіп, нәрестелерге ақ батасын беріп, өзінің кітабы мен аудиодискілерін тарту етті.
Кешен қызметкері Ж.Айдарбек ата салты мен пайғамбарымыз сүннетіне сай азан шақырып, Жасұланұлы Ертай атты сәбидің атын қойды.
Сонымен қатар Марғұланқызы Диляра атты сәбиді ата салтымен, нағашыларының қатысуымен бесікке салу рәсімі өтті. Келген қонақтарға кешен қызметкерлері дайындаған, дәмі тіл үйірер Амалдың ақ дәмі тартылды. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:02  Оқылған саны: 1398




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40