«Адай ата – Отпан тау» кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отпан тауда 22 қыркүйек күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің туристік әлеуеті және оны дамыту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Г.Төлеуғалиева, облысымыздың сыйлы, ақсақал өлкетанушылары О.Көшбайұлы, А.Еділхан, "Мәдениет саласының үздігі" Д.Аралбайұлы, танымал "Сөз бен саз" бағдарламасының авторы Б.Әлмен, облыстық тарихи-мәдени қорық қызметкері Н.Дауымшарова, кешеннің экскурсия-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек және Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау ауданынының тарихи-мәдени және туристік орындарын насихаттау мақсатында құрылған "Атамекен" экспедициясымен "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Гүлайым Дәуітбаеваның бастауымен бір топ журналистер мен блогерлер қатысты. Дөңгелек үстел модераторы "Отпан" МКҚК директоры Ж.Кетеева болды.

Дөңгелек үстел отырысын басқарма басшысының орынбасары Г.Төлеуғалиева ашып, кешен жұмыскері Есболат Сүгіровті Қазақстанның салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының "Еңбек даңқы" медалімен марапатталуымен құттықтап, төсбелгіні өңіріне қадады.

Алғашқы баяндама "Кешенде өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар және оған қатысушылар мен кешенге келушілердің санын көбейту жолдары" тақырыбында кешеннің бөлім меңгерушісі Ж.Айдарбек оқыды. Кешен құрылғаннан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі шаралардың біразына тоқталып, олардың қазіргі жұртшылық үшін, әсіресе жастар мен оқушылар үшін қаншалықты маңызды, қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ кешенде болашақта іске асуға тиіс жоспарлар мен мақсаттарға, жетістіктер мен жетіспестіктерге тоқталды.

Кешен мұражайының қазіргі экспозициясының авторы Отыншы Көшбайұлы «Кешен экспозициясын жаңартуға байланысты ұсынылатын тақырыптар» турасында сөйлеп, келушілерді қызықтыру және Отпан тау мен өлкеміздің тарихын сабақтастыра насихаттау мақсатында кешен мұражайы экспозициясын жаңарту қажет екенін, оған заманауи әдістер мен құралдарды қолдану керек екеніне тоқталып өтті.

Өлкеміздің тарихы мен әдебиетін, дәстүріміз бен салтымызды мұқият зерттеп жүрген Алқажан Меделұлы Отпан тау айналасындағы зерттелген және әлі де жете зерттеуді қажет ететін ірілі-уақты тарихи-мәдени ескерткіштер туралы айтты. Олар туралы шетел саяхатшыларының жазбаларында қалған деректер мен дәйектер, шет елдер мен Маңғыстауда, Отпан айналасындағы жер-су атауларының, таңбалардың т.б. ұқсастығы туралы үңіле айтып өтті.

Облыстық мәдени-тарихи қорық қызыметкері Нұрсәуле Даумшарова «Кешенінің «ҚР 100 киелі нысандары» тізіміне енуінің маңызы туралы» айтып, тізімге ену – үлкен жетістік екенін, кешен жұмысын жандандыру бағытында өз түйгендері мен ұсыныстарын айтты.

Бердіхан Әлмен «Кешенде дәстүрлі ұлттық өнер мерекелерін өткізу туралы» көптен көкейде піскен ойларын ортаға салды. Кешенді облыс тұрғындары игілігіне тиімді пайдалану үшін кешенде дәстүрлі ұлттық өнерлеріміз: жыр-терме, айтыс, ән айтудан қазақы киіз үйлер мен Қарашаңырақты пайдаланып түрлі өнер сайыстары мен мерекелер өткізуді ұсынды.

Бұл шараға тәжірибелі археолог, тарихшы, А. Астафьев тікелей қатыса алмағандықтан өзі жазып жіберген бейнебаяндамасы монитордан жіберілді.

Кешен ардагері, «Мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбайұлы кешен тарихына қысқаша тоқталып, келушілерге, жастарға аталық ақ батасын берді.

Дөңгелек үстел отырысын жүргізуші Ж.Кетеева қорытындылап, қатысушыларға кешен ұжымы атынан алғысын айтты. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 14:33  Оқылған саны: 312




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40