Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті

Үстіміздегі жылдың ақпан айының жайма-шуақ бір күні "Адай ата – Отпан тау" кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілердің қатысуымен дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті. Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен студенттердің, оқушылардың қызығушылығын арттыру. Шараны жалпы жұртшылық қатысатын ұлттық мерекеге айналдыру. Шара 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Шараға 30-ға жуық саятшылар мен аталмыш өнерге жаны құмар жандар, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері мен оқытушылары (Игорь Донченко, Шопанов Сәрсен) қатысты.
«Отпан» МКҚК көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек шараға қатысушыларға алғысын айта келе, шараның мақсаты мен маңызы туралы қысқаша айтып өтті. Өлкемізде өткен атақты аңшылар мен саятшылық, құсбегілік өнері туралы біраз тоқталып өтті. Шараға келушілерді саятшы, құсбегілермен таныстырады. Биылғы шараға облыс саятшыларымен қатар көрші Атырау облысының Құлсары қаласынан арнайылап Ордабаев Еламан Үшқара атты бүркітімен келді.
Сонымен қатар «Тазы Төбет Бөрібасар» ұлттық спорт федерациясы» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жұлдызбай Қосмағамбетов, заңгері Еркін Бәлдеков пен республикалық дәрежедегі төреші Әбунасыр Байжанақов қатысып, федерацияның қазақы тазы мен төбеттерді сұрыптау, тұқымын жаңғырту бағытындағы жұмыстары туралы айтып беріп, келушілерге арнап төбеттердің қысқаша жекпе-жегін өткізді.
Әсіресе, көпшілік жұртқа танымал "Сөз бен саз" бағдарламасының авторы Бердіхан Әлмен қатысып, шараның шырайын кіргізді. Оның мұрындық болуымен тігінші Алмагүл Амангелдиева арнайы жас құсбегі Сақарбай Ержанға саятшы бала киімін тігіп әкеліп, тарту етті және ұлттық өнеріміз саятшылықты жақсы көретінін, алдағы уақытта да қолынан келген көмегін көрсететінін айтты. Шараға арнайы шақырылған Ділжанов Жұмағали ақсақал қазақтың қасиетті өнерін дамытып жатқан жастарға ақ батасын арнады.
Ұйымдастырушылардың, соның ішінде Жеміс апай бастаған кешеннің қызметкер қыз-келіншектердің еңбектері ерен. Саят қызығынан қарындары ашып, шөліркеген қонақтарға өздері дастархан жайып, самаурынды бұрқ-бұрқ қайнаған, қидың шоқ исі араласқан күрең шәй, ыссы бауырсақ пен палауын беріп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Жәрияланған күні: 14 ақпан 2020Жәрияланған уақыты: 15:02  Оқылған саны: 3701




10 наурыз 2020

«Анашым – жанашырым»
icon

Бүгін «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы

Жәрияланған уақыты: 09:32  

14 ақпан 2020

Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті
icon

Үстіміздегі жылдың ақпан айының жайма-шуақ бір күні "Адай ата – Отпан тау" кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілердің қатысуымен дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті. Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты

Жәрияланған уақыты: 15:02  

10 желтоқсан 2019

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын  Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті. 

Шараның

Жәрияланған уақыты: 11:35  

1 қараша 2019

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған

Жәрияланған уақыты: 15:57  

10 қазан 2019

"Алуан түрлі кәсіп бар"
icon

25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке

Жәрияланған уақыты: 11:55  

3 қазан 2019

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты
icon

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты. Сонымен қатар қорым түнеуханасының айналасындағы орындықтарды сырлап, ауланы тазалап, аумақтағы

Жәрияланған уақыты: 09:32  

4 қыркүйек 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Tүркістан облыстарында іссапармен болып қайтты
icon

28 тамыз - 3 қыркүйек аралығында "Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек Жамбыл, Түркістан облыстарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында өлкетанушы Ідірейіс Серікбаев

Жәрияланған уақыты: 09:27  

1 шілде 2019

Бақытты балалық шақ
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде балаларды қорғау күніне орай кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Шараға балалар мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойналып, балалар

Жәрияланған уақыты: 11:19  

16 маусым 2019

Ай астында алтыбақан.
icon

14 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен биылғы Жастар жылына орай «Отпан» МКҚК мен «Өрлеу» МҚК бірге ұйымдастыруымен Жыңғылды және Шайыр мәдениет үйлері қызметкерлерінің қатысуымен «Ай астында –

Жәрияланған уақыты: 16:37  

22 мамыр 2019

Дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күні
icon

21 мамыр күні дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай "Ақбосаға" мейрамханасында ұйымдастырылған мерекеде кешен қызметкерлері Шораева Жеміс пен Қаржаубаева Райса облыс әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатына, Ыбашев Асхат, Мәстекбаев Тоқтар,

Жәрияланған уақыты: 10:47  

13 мамыр 2019

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде майдангер батырды еске алды.
icon

Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Ұлы Отан соғысының майдангері, жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері жерлесіміз Кемер Оңғалбаевтың ерлігіне арналған дәстүрлі «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты патриоттық-танымдық

Жәрияланған уақыты: 09:21  

3 мамыр 2019

«Жыр жебе» – Адай атада!
icon

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы

Жәрияланған уақыты: 11:23  

29 сәуір 2019

Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.
icon

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты

Жәрияланған уақыты: 17:23  

20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал

Жәрияланған уақыты: 11:51  

19 ақпан 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи этно - мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді.
icon

19 қаңтар күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалып қойған бекзат өнер құсбегілік пен саятшылықты

Жәрияланған уақыты: 11:57  

17 ақпан 2019

Шетел білімі – Отан игілігіне
icon

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай

Жәрияланған уақыты: 16:58  

14 желтоқсан 2018

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

Кешен қызметкерлері Маңғыстау аудандық жастар ресурсы орталығымен бірлесіп Шетпе кентіндегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізді.

Шараға Маңғыстау аудандық жастар орталығының директоры А.Қонарбаев

Жәрияланған уақыты: 11:36  

26 қазан 2018

«Отпан тау суретшілер көзімен»
icon

26 қазан күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан тау суретшілер көзімен» атты сурет өнеріне арналған танымдық шара өтті. Шараға Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және Маңғыстау өнер колледжінің

Жәрияланған уақыты: 10:31  

10 қазан 2018

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жергілікті шеберлермен кездесу ұйымдастырылды.
icon

Кездесуге Жыңғылды ауылының қолөнер шеберлері Наушабаева Риза мен Досыбаева Сәния апайлар және Е.Айшуақұлы атындағы мектептің ұстазы, суретші Мейіржан Есенов пен Тұщыбек негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге қатысқан

Жәрияланған уақыты: 14:33  

19 қыркүйек 2018

«Адай ата – Отпан тау» кешенінің қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасына сәйкес Тобықты жеріндегі Пір Бекет атамыздың қалпына келтірілген мешітіне саяхаттап барып қайтты.
icon

Мешіт Маңғыстау ауданының Қызан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымдай жерде, Мәстек – Мыңкісі әулие жолы бойында. Мешіт ағартушы, діни ғұлама, Бекет Мырзағұлұлының өмірі мен діни-ағарту қызметтеріне қатысты бұл тарихи ескерткіш мемлекеттік

Жәрияланған уақыты: 09:19  

7 қыркүйек 2018

Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығы
icon

1 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығына арналған шаралар болып өтті. Шараға «ӨзенМұнайГаз» АҚ жс мамандары ғана емес,

Жәрияланған уақыты: 16:04  

25 маусым 2018

Бата беру
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шаралардың бірі «Батамен ер көгерер» деп аталады. Кешен басшылығы мен қызметкерлері киелі Отпан тауда кешенге арнайы зияраттап келген жаңа отау құрған

Жәрияланған уақыты: 16:05  

18 маусым 2018

Отпан тауда демеушілерге құрмет көрсетілді
icon

17 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде  кешен демеушілеріне арналған «Жомарт жүрек жандар» атты шара болып өтті. Шараға облысқа танымал бір топ мекеме басшылары мен кәсіпкерлер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

Жәрияланған уақыты: 12:14