«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АМАНАТЫ»

10 желтоқсан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи мәдени кешенінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты шара болып өтті.

Шара үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде 1986 жылы Алматы қаласында қазақ жастарының қатысуымен болған Совет Одағының қатаң да қасаң жүйесіне қарсы тұрып, тік тұрып теңдік сұраған ұлт тарихында алтын әріптермен жазылатын «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан өлкеміздің сол кездегі Алматыда институттарда оқитын жастары Саттар Тұрашұлы Озғамбаев, Жаңыл Жұбанқызы Ұзақбаева және Рахмет Тұрармен кездесу өтті. Кеш қонақтары оқиға қалай басталғаны, көтеріліс кезінде қазақ жастары қалай әрекет еткені, әсіресе қазақ қыздарының ұлт тағдыры сынға түскен кезде көрсеткен ерлігі мен батылдығы, жанкешті қимылдары туралы айтып өтті. Шара кезінде қонақтарға қатысушы Шетпе лицейінің (директоры Қанзия Бөбетаева) оқушылары көптеген сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Шараның екінші бөлімінде Маңғыстау аудандық «Өрлеу» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен шағын концерт және Тұщыбек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бақыт Анысқызы Аманжолованың жетекшілігімен ұйымдастырылған қуыршақ театры үйірмесіне қатысушы мектеп оқушылары қойған «Тәуелсіз елдің батырлары» атты шағын қойылым тамашаланды.

Шараның үшінші бөлімінде өлкемізге белгілі танымал фотограф, фототілші Талант Ахметұлы Құсайынның «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты фотокөрмесінің тұсаукесері болды. Тұсаукесер рәсімін атқару құрметі Таланттың әріптес, досы, шебер Қуаныш Алиев пен Отпан ауылдық округының әкімі Беркін Қалдығұловқа тапсырылды. Ашылған көрме авторын таныстырып, көрмені жүргізген – музей саласының тәжірибелі маманы, ҚР мәдениет саласының үздігі Құралай Ізімбергенова. Кешенде өткен шаралардың бәріне дерлік ерінбей-жалықпай қатысатын еңбекқор, ізденгіш жан Талант Ахметұлына деніне саулық, отбасына, айналасына амандық, шығармашылығына табыс пен шабыт тілейміз. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 17:31  Оқылған саны: 275




1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40