Мусаев Нұрлан

 

1984 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылында өмірге келді. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды (2001-2005). Еңбек жолын осы университетте ұйымдастырушы қызметінен бастап, жұмысын Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік қызмет орталығында бөлім бастығы болып жалғастырды. 2017 жылдың қыркүйек айынан «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.Республикаға танымал айтыскер ақын. 2009 жылы «Жыл адамы» номинациясы бойынша "Маңғыстау облысының үздік өнер қызметкері"  болып танылды".