Кіріспе зал

Залдың екі қабырғасында Ұлы Жібек жолы бойындағы орта ғасырдағы Маңғыстау картасы және Қазақстанның бүгінгі картасы орналасқан. Залдың сол жағындағы витринада Маңғыстау облысының картасы, оның қасында ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Маңғыстаудың ерекшелігі, оның қазақ тарихындағы алатын орны  туралы айтқан жылы лебізі мен пікірлері жазылған.

Залдың оң жағында 2007 жылы 25 қазан күні кешеннің ашылу салтанаты кезінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен кешен идеясының авторы Сабыр Адайдың алғашқы Тағзым отын жағу сәті бейнеленген. Одан солға қарай Отпан таудағы кешенде салынған нысандардың жалпы көрінісі бейнеленген. Оның қасындағы витринада Елбасының 2007 жылы кешеннің ашылу салтанатына қатысушыларды құттықтау телеграммасының көшірмесі орналасқан.

Залдың келесі залға кірер алдында кешеннің бас жобасы негізінде жасалынған кешен макеті орналасқан.