Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі

1868 жылы патша үкіметінің Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі шықты. Жаңа ереже бойынша түтін басына 3 сом 50 тиын салық жинау (бұрын 1 сом 30 тиын) , жерді мемлекеттік меншік деп тану, елдің көші-қон жерін шектеу, ру-ру орнына болыс пен ауылдарға бөлу. Орынбор өлкесі енді Орал, Торғай облыстарына бөлінді. Облыстар уездерге бөлініп, оның бәрін орыс офицерлері мен чиновниктері басқарды. Дистанциялық жүйе алынды, олардың орнына волостной правитель – болыстар сайланатын болды. Осының барлығы ел ішінде наразылық тудырды, онымен қоса хиуалық арандатушылар жағдайды тым ушықтырып жіберді. Сөйтіп, Досан Тәжіұлы (1835 – 1876 жж.), Иса Тіленбайұлы (1829-1910 жж.) бастаған, тарихта «Иса – Досан көтерілісі» деп аталатын елдің жаппай көтерілуі басталады.

«Уақытша Ереже» фотокөшірмесі
1870-76 ж.ж. көтеріліс құжаттары
Николай Гродековтың «Хивинский поход 1873 года» күнделігінен үзінді
Иса мен Досанның суреті
«Үшауыз» жеріндегі ұрыс болған жерге орнатылған ескерткіш-белгі.
Қалнияз Шопықұлының суреті

Адайдың жорық жыршысы, Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902 жж.) Сам өңірінде дүниеге келген. Маңғыстау маңайынан шыққан әйгілі ақын-жыраулар Абыл мен Өгізбай, Нұрым мен Қашаған, Ақтан мен Аралбай қатарында халық ауызында Қалнияз да бірдей аталады. Ол – жауынгер, жорықшыл ақын. Өмірі жорықта, ат үстінде өткен. Атының ерінің бір басында садағы мен жебесі болса, екінші басында қоржында бүктемелі домбырасы қалмайды екен. Ақынның «Қармыс батыр», «Балуанияз» дастандары, «Қожалақ батырға айтқаны», «Есен, Сүгірге айтқаны», «Дәуітке айтқаны», «Амантұрлының өлімін естіртуі» сияқты толғаулары сақталған.Форт-Александровск коменданты Зелениннің жазбасынан үзінді.М.Тұрсынованың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтары» және «Көтеріліс күнделігі» кітаптары

2-диарама:Маңғыстаудағы 362 әулиенің бірі Қараман ата басындағы анттасу. Жер мен суға талас, барымта-қарымта Маңғыстау түркмендері мен адай халқының арасын күннен күнге суыта түсті. Осы кездерде жаңай Қожаназар байдың жылқышылары түркмендердің арғымақ айғырдан туған құлынын ауыстырып кетіп, оның арты Қожаназардың кенже баласы Қошанды Қараман ата басында түркмендер антқа тігіп, дана Бекет түркмендерді тақуалығы және тапқырлығы арқасында ұтып, Қошанды ажалдан аман алып қалады. Осындай тарихта қалған айтулы оқиға болған.

 






Кеңес Одағының батырлары: Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев және Біләл Қалиев

Мәди Бегенов – 1917 жылы Қараған Босағада дүниеге келген. 1939 ж. Финн және Ұлы Отан соғысына қатысып 1944 ж. ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығы бойынша Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Жұмағали Қалдықараев – Кеңес

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»  витринасында Әлихан Бөкейханның суреті, 1926 жылғы  экспедициясының картасы.XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет

Маңғыстау жерінің әкімшілік-аумақтық құрылымы

Әр кезеңдердегі әкімшілік-аумақтық бағынысы туралы мәлімет-мәтін
Әкімшілік-аумақтық бағынысы тұсындағы гербтері, логотиптері.
Әкімшілік-аумақтық карталары (Адай уезінің картасы)
Каспий сырты картасы

1846-1867 ж.дейін Орынбор

«Қазақ хандығының құрылуы және дамуы»

Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандықтың құрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табылады.

«Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі»

Кіші жүз халқы арасында «Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі» атанған  жырау жыршылар көшін белгілі ақпа-төкпе ақын, ақберен сөз зергері Абыл Тілеуұлы бастайды. Руы  тоқтамыс Абыл Бозашы түбегінде 1777 жылы дүниеге келді. Өз әкесі Тілеу де, атасы

Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі

1868 жылы патша үкіметінің Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі шықты. Жаңа ереже бойынша түтін басына 3 сом 50 тиын салық жинау (бұрын 1 сом 30 тиын) , жерді мемлекеттік меншік деп тану, елдің көші-қон жерін шектеу, ру-ру орнына

Қазақ батырларының қару-жарақтары мен сауыты

Маңғыстау түбегінде патшалық Ресейдің ықпалының мықтап орнығуы Қарасу – Қайдақ соры маңындағы Қызылтаста салынған қамалдан басталады. Ол 1834 ж. 500 әскер ұстайтын Ново-Александровск қамалы деп аталды. Жаңа қамалдың құрылысын басқарған артиллерияның

«Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау»

Оңтүстіктен ұлы көшпен көшкен адай ауылдары бүгінгі Қазақстанның батыс өңіріне 1800 жылдың басында толық орналасып болды. Осы жылдарға патша үкіметінің қазақтың үш жүзінің жан басына, көші қонына жасаған есебінде Адай рулары 10 мыңдай үй, Орал облысы мен Хиуаның