Қазақ батырларының қару-жарақтары мен сауыты

Маңғыстау түбегінде патшалық Ресейдің ықпалының мықтап орнығуы Қарасу – Қайдақ соры маңындағы Қызылтаста салынған қамалдан басталады. Ол 1834 ж. 500 әскер ұстайтын Ново-Александровск қамалы деп аталды. Жаңа қамалдың құрылысын басқарған артиллерияның отставкадағы прапорщигі Георгий Силыч Карелин. Ол Каспийдің шығыс жағалауында Ресейдің әскери ықпалын ғана емес, саяси ықпалын да мықтап орнықтырғысы келді. Қызылтас бекінісін салу туралы нұсқаулық көшірмесі көрсетілген.

Ресей империясы мен Хиуа хандығының арасындағы шиеленіс жылдан жылға ұдай берді. Маңғыстау мен Үстірттің кең даласына екі алып мемлекет иелік жүргізгісі келді. Екі ортада Маңғыстау елінің басына қиындықтар түсті. Ауылдар шапқыншылыққа ұшырады.12 жылдың ішінде Қызылтас қамалы өзінің маңыздылығын жоғалтты, теңіз суы тайызданды. Қамал көшіріліп Каспийдің ежелден кеме үшін ең ыңғайлы айлағы Қарағантүбекке салынды. 1846 ж. Новопетровск бекінісі инженер капитан Геннерихтың сызбасымен салынды. Қамалдың құрылысына 700- дей әскер қатысқан. Қамал гарнизоны 2 рота Орынбор линиялық № 1 батальоннан құрылды. Новопетровск бекінісінің, 1849 жылы іргесі қаланған Николаевская станицасы («Қарашекпен»), 1893ж. салынған григориан шіркеуінің фотосуреттері қойылды.«Есімдері тарих көшінен қалмай талай жадтарға жаңғырып келе жатқан, қары сынбақ түгілі үзіліп түссе де қанына тартпаған, әділет жолында туғанын танымайтын тура билер өткен. Шынайы халықтық демократияның ту ұстаушылары да солар, халықтың шын мәніндегі қалаулылары да солар» деп баға берген еді Әбіш Кекілбаев.

Орыс патша үкіметі қала – қамалын салғаннан кейін өлкеге әкімшілік территориялық билік енгізуді шындап қолға алып, Маңғыстау приставствосын ашты. Ол Орынбор губернаторлығына қарады. Көшпелі тұрмыс кешкен адай елін төменгі және жоғарғы дистанция қылып жарып,  екіге бөлді. Алдарыңызда өлкенің қиын қыстау кезеңдерінде, «ақ патшаға» бағынған уақыттарда елді билеген  Ғафур Қалбыұлының фотосуреті, Бәймембет Маяұлы мен Ғафур Қалбинге зауряд-хорунжий атағын беру туралы бұйрық пен араб тіліндегі рапорттардың және  хаттардың фотокөшірмелері көрсетілген
 Ел арасында туындаған небір қиын дауларды билер ақыл-оймен, тапқырлық пен шешендікке сүйене отырып шеше білген, сындарлы сөзбен бітістірген. Көшке Доспамбет биден «Ердің құны – нардың пұлы» деген сөз қалған. Мысалы, 17 жыл бойы бітпеген дауды Мәмбетнияз бидің бір ауыз сөзбен бітіргенін ел аузында әлі күнге дейін айтылады.  XIX ғ. ортасында билігі барша адайға жүрген алты би болған. 1870 ж. бәйімбетте – 33, тобышта – 23, жаулыда – 16, түркменадайда – 9, жеменейде – 5 елдің дауы мен ісін шешетін қадірменді билер болған.  XIX ғ. аяқ кезінде Маңғыстауға зерттеу сапарымен келген Рихард Карутц өзінің кітабында адайдың үш биінің суретін салған, олар жары Мәтжан, есен Ермембет, жаманқара Иса.

Ермембет Тұрұлы  (1818-1908) – Маңғыстаудың белгілі билерінің бірі. Адай елі мен Хиуа хандығы арасында елшілікте жүрген, ру аралық дау-жанжалдарды әділ шешкен мәмілегер би. Иса-Досан көтерілісі кезінде жасақ басшыларының бірі болды. 1873 ж. көктемінде патшаның жазалаушы әскерін Ауызорпа, Мәстек жерлерінде жасағымен тосып алып өткізбеген. Хиуа шекарасында Ломакинның әскерімен бірнеше ұрыс жүргізген. 1890 ж. келген неміс этнографы Р.Карутцке жолбасшы болған. Жасы 90-ға келіп өмірден озған, бейіті Бозашыдағы «Үлек» қауымында.

Мәтжан Тілеумағанбетұлы бұрынғы «жоғарғы адай» дистанциясы болып саналған Жылыойда 1841 ж. дүниеге келіп, 1929 ж., жасы 88-ге келгенде қайтыс болған. Жастайынан нағашысы шегем Көбен бидің тәлім-тәрбиесін алған. Жорық ақыны шалбар Қалнияз, есен Сейіт би, ақын Абыл сияқты сөз зергерлерінің әдеби мұрасын зердесіне тоқып, жетілдіре, дамыта түседі. Ол кезде жиырма бес таңбалы Кіші жүз руларының арасында жер мен жесір дауы, қырқыстар мен қақтығыстар, оған қоса орыс үкіметінің әкімдерінің, Хиуа мен Бұхара  хандарының әділетсіз зомбылықтары кең етек алған болатын. Би дау дамайларды бітістіруге қатысып, елінің құрметіне бөленген.

Билердің суреттері, мөрлердің суреттерінің көшірмелері
Қазақ даласын басқару туралы Ережелер және мөрлердің реконструкциялары қойылған.
Өсербай Сарсенбаев туралы кітап
 1-диарама:
1736 ж. Жем өзені бойындағы Кіші жүз ханы Әбілхайырдың ордасына орыс патша империясының Тевкелев бастаған елшілігі келіп жатқан мезгіл.Тақта отырған ханның оң жағында Бопай ханым. Орыс елшілерімен бірге ағылшын суретшісі Джон Кэстль келген. Бопай ханымнан рұқсат сұрап, теріге графитпен сурет салып жатқан сәті. Джон Кэстльдің еңбегі арқасында тарихта хан отбасының он шақты суреттері сақталған.
 






Кеңес Одағының батырлары: Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев және Біләл Қалиев

Мәди Бегенов – 1917 жылы Қараған Босағада дүниеге келген. 1939 ж. Финн және Ұлы Отан соғысына қатысып 1944 ж. ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығы бойынша Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Жұмағали Қалдықараев – Кеңес

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»  витринасында Әлихан Бөкейханның суреті, 1926 жылғы  экспедициясының картасы.XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет

Маңғыстау жерінің әкімшілік-аумақтық құрылымы

Әр кезеңдердегі әкімшілік-аумақтық бағынысы туралы мәлімет-мәтін
Әкімшілік-аумақтық бағынысы тұсындағы гербтері, логотиптері.
Әкімшілік-аумақтық карталары (Адай уезінің картасы)
Каспий сырты картасы

1846-1867 ж.дейін Орынбор

«Қазақ хандығының құрылуы және дамуы»

Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандықтың құрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табылады.

«Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі»

Кіші жүз халқы арасында «Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі» атанған  жырау жыршылар көшін белгілі ақпа-төкпе ақын, ақберен сөз зергері Абыл Тілеуұлы бастайды. Руы  тоқтамыс Абыл Бозашы түбегінде 1777 жылы дүниеге келді. Өз әкесі Тілеу де, атасы

Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі

1868 жылы патша үкіметінің Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі шықты. Жаңа ереже бойынша түтін басына 3 сом 50 тиын салық жинау (бұрын 1 сом 30 тиын) , жерді мемлекеттік меншік деп тану, елдің көші-қон жерін шектеу, ру-ру орнына

Қазақ батырларының қару-жарақтары мен сауыты

Маңғыстау түбегінде патшалық Ресейдің ықпалының мықтап орнығуы Қарасу – Қайдақ соры маңындағы Қызылтаста салынған қамалдан басталады. Ол 1834 ж. 500 әскер ұстайтын Ново-Александровск қамалы деп аталды. Жаңа қамалдың құрылысын басқарған артиллерияның

«Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау»

Оңтүстіктен ұлы көшпен көшкен адай ауылдары бүгінгі Қазақстанның батыс өңіріне 1800 жылдың басында толық орналасып болды. Осы жылдарға патша үкіметінің қазақтың үш жүзінің жан басына, көші қонына жасаған есебінде Адай рулары 10 мыңдай үй, Орал облысы мен Хиуаның