«Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау»

Оңтүстіктен ұлы көшпен көшкен адай ауылдары бүгінгі Қазақстанның батыс өңіріне 1800 жылдың басында толық орналасып болды. Осы жылдарға патша үкіметінің қазақтың үш жүзінің жан басына, көші қонына жасаған есебінде Адай рулары 10 мыңдай үй, Орал облысы мен Хиуаның арасын мекендейді деп көрсетілген. Малы мен басы тел өскен Адай XIX ғ. II жарты-сына дейін Маңғыстаудың ойы мен Үстірт, Жем, Қобда, Орынбор, батысында Астрахань, шығысында Мұғалжар мен Хорезмнің ойына дейін, оңтүстігінде Шағадам, Жаңғақтың ойына дейін еркін көшіп, ен жайлап жүрген. «Сахарада Адай сабылып, төрт түлік малы бағылып, әрлі-берлі шаңдатты». Адайдың есепсіз дәулетінің қорланған кезі осы шақта еді.

Адай мен түркмен халықтары арасында келіссөз жүргізіп қапыда қаза тапқан Ескелді Бердалы зиратының фотосуреті, Атағозы батырдың суреттері берілген.
ХҮІІ ғ. 80 ж. ішінде болған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске адайлардың қатысы туралы орыс тарихшысы Вяткин «Сырым» атты еңбегінде көрсетеді.
Маңғыстауға адайлар қоныстанған кезеңде түркменнің алты руынан 1400-дей үй болған.  Алғашқысында суын айғырдан туған құлынның дауынан басталған жағдай, кейіннен үлкен қантөгіске әкеледі. «Айладыр адайды алты рет шапты», - деген әңгімелер осыдан қалған.  Жергілікті түркмендер Хиуа ханына бағынышты болған соң, әскери көмек сұрап тұрған. Хиуалықтардың озбырлығына қарсы қол бастаған батырлар көптеп саналады. Кенже Қонай, Ер Қармыс пен Ер Төлеп, Балықшы Балуанияз, Ер Бегей мен Ер Жанақ, Бөлтеке, Есен, Сары, Өмір, Темір, Беріш Құлбарақ, Жары Сүйінғара Хиуа шапқыншылығына қарсы шайқасты. Мінеки, осы кезең туралы адайлардың өз еркіндігін қалай сақтап қалғаны туралы тарихшы Галиевтың еңбегінде көрсетілген.
Әнетұлы Мая би бастаған Адай ақсақалдарының Баймағанбет сұлтанға Хиуадан араша сұрап жазған хатының үзіндісі берілген.
Би әрі батыр Сүйінғара Үргенішбайұлының суреті мен ол туралы тарихшы Галиевтің жазғаны берілген. Батыр Құлбарақ Табылдыұлының суреті, ол туралы Рязановтың еңбегінен үзінді берілген мәтін.

Атақты Абыл Тілеуұлы:

«Беріштен Құлбарақ өлді нанғысыздай!
Басы жоқ, кеудесі бар, ыңғайсыз-ай.
Дұшпанның таңба салған кегін алмай,
Жата алмас, бар болса егер қалың Адай!!!»

1873 ж. Хиуа жорығына қатысқан М. Алиханов-Аварский салған Балуанияз батыр күмбезінің суреті;
«Тоғыз ауыл» шабылғанда шейіт болған Қабыл Әндірейұлының құлпытасының суреті және жазудың қазақша транскрипциясы берілген.
1 және 2 витриналар аралығына халқымыздың қаһармандық тарихы баяндалатын кітаптар қойылды: Отыншы Көшбайұлы «Тоғыз ауыл», Р.Дүйсенов «Ел қорғаған Есекмерген батыр», М. Әбдіхалықов «Сүйінғара».

 






Кеңес Одағының батырлары: Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев және Біләл Қалиев

Мәди Бегенов – 1917 жылы Қараған Босағада дүниеге келген. 1939 ж. Финн және Ұлы Отан соғысына қатысып 1944 ж. ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығы бойынша Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Жұмағали Қалдықараев – Кеңес

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»

«Қилы кезеңдегі Маңғыстау»  витринасында Әлихан Бөкейханның суреті, 1926 жылғы  экспедициясының картасы.XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет

Маңғыстау жерінің әкімшілік-аумақтық құрылымы

Әр кезеңдердегі әкімшілік-аумақтық бағынысы туралы мәлімет-мәтін
Әкімшілік-аумақтық бағынысы тұсындағы гербтері, логотиптері.
Әкімшілік-аумақтық карталары (Адай уезінің картасы)
Каспий сырты картасы

1846-1867 ж.дейін Орынбор

«Қазақ хандығының құрылуы және дамуы»

Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандықтың құрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табылады.

«Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі»

Кіші жүз халқы арасында «Адайдың жеті қайқысы» мен «Адайдың бес жүйрігі» атанған  жырау жыршылар көшін белгілі ақпа-төкпе ақын, ақберен сөз зергері Абыл Тілеуұлы бастайды. Руы  тоқтамыс Абыл Бозашы түбегінде 1777 жылы дүниеге келді. Өз әкесі Тілеу де, атасы

Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі

1868 жылы патша үкіметінің Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа Уақытша Ережесі шықты. Жаңа ереже бойынша түтін басына 3 сом 50 тиын салық жинау (бұрын 1 сом 30 тиын) , жерді мемлекеттік меншік деп тану, елдің көші-қон жерін шектеу, ру-ру орнына

Қазақ батырларының қару-жарақтары мен сауыты

Маңғыстау түбегінде патшалық Ресейдің ықпалының мықтап орнығуы Қарасу – Қайдақ соры маңындағы Қызылтаста салынған қамалдан басталады. Ол 1834 ж. 500 әскер ұстайтын Ново-Александровск қамалы деп аталды. Жаңа қамалдың құрылысын басқарған артиллерияның

«Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау»

Оңтүстіктен ұлы көшпен көшкен адай ауылдары бүгінгі Қазақстанның батыс өңіріне 1800 жылдың басында толық орналасып болды. Осы жылдарға патша үкіметінің қазақтың үш жүзінің жан басына, көші қонына жасаған есебінде Адай рулары 10 мыңдай үй, Орал облысы мен Хиуаның