Шақпақ ата жер асты мешіті

Жер асты мешіттерінің аса көркем үлгісі болып табылатын Шақпақ ата мешіті, Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 км солтүстік батыс бағытта Сарытас – Қошақ шығанағына таяу Олғазы тауының етегінде (Шиеліқұдық алқабы) орналасқан. Жартас ішіндегі жасанды үңгір түрінде жасалған мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал (4,5 – 3,22м) арқылы шақпақ тәрізіді орналасып,и дәл солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысқа қарай бағытталған. Орталық бөлменің төбесі күмбезделіп, ортасында теп – тегіс шеңбер тәрізді терезе ойып жасалған, ал ал бұрышынан жартастан тұтас қашалған тіп – тік бағандар шығарылған, әр бір діңгекті безендірген  және оюлар бірін – бірі қайталамайды. Осы бөлмелерге қарама – қарсы орналасқан екі кішкене бөлмелер бірі намаз оқуға, бірі тұрмыстық қажетке арналған. Оның 4 қабырғасынан да дүниенің 4 бұрышына негізделген есіктер шығарылған. Мешіт бөлмелерінің қабырғаларында кітаптар қоятын тезелер, ішкі, сыртқы қабырғаларында көптеген желімделе сызылған эпиграфиялық жазулар, суреттер ою - өрнектер салынған.

Шақпақ атаның өмір сүрген уақыты белгісіз, зерттеушілердің айтуы бойынша шамамен орта ғасырларда өмір сүрген болуы мүмкін. Ел аузында сақталған мәліміттерге қарағанда бұл мешітті салдырған Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан діндарлығымен қатар жаугершілік заманда қалмақтармен соғыста атағы шыққан батыр болыпты. Бұл қасиет иесінің шайқас кезінде қаруынан шақпақ тастың ұшқыны секілді от жарқырайды екен. Сол себептен ол Шақпақ ата атаныпты – мыс. Мешіт қабырғасында кескінделген сопылық бағыттары суреттері мен тұжырымдалуы (сопылықтың басты белгілері аялы алақанның бейнесі, жануар суреттері, алланың 99 мағыналы аты т.б.) оның тарихын, белгілеген уакытын тереңдете түседі. Қорымда Қазан төңкерісіне дейін, өлке оқуы болмай тұрған кездің өзінде білімін Бұқара медресесінде, Стамбул университетінде жалғастырып ел есінде қалған тұлға руы Бектеміс Ержан Қазірет жерленген. Мешіттің іші мен мәнер өрнектері ерекше көркемделген. Ертедегі белгісіз шеберлер тас өңдеушілер мен оюшылар тас бетіне бедер түсіріп оларды өшпейтін бояулармен безендірген.
 






Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002

Көркембай мешіті

Бейнеу ауданының Манашы сайы бойында салынған Көркембай ахунның мешіті күнінде үлкен білім ордасы болған, бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл мешіт – Маңғыстау өлкесінің 19 ғасырда салынған құрылыстарының ең ірісі әрі сәулет жауһары болып саналады. Төбесінде 18

Шақпақ ата жер асты мешіті

Жер асты мешіттерінің аса көркем үлгісі болып табылатын Шақпақ ата мешіті, Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 км солтүстік батыс бағытта Сарытас – Қошақ шығанағына таяу Олғазы тауының етегінде (Шиеліқұдық алқабы) орналасқан. Жартас ішіндегі жасанды

Бекет ата жер асты мешіті

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой  ауданының, Ақкиіз тоғай ауылы. Жаугершіліктің тоқтап, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен бейбіт қарым-

«Маңғыстаудағы ислам» залы

Маңғыстау жерінің әулиелі мекен екені күллі Қазақстанға белгілі. Еліміздегі  ескерткіштердің көбіде біздің өлкемізде орналасқан. Маңғыстаужерінде сақталған аңыздар бойынша мында жергілікті  халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген. Олардың есімдері