Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002 жылы «Қайран менің жеңешем», «Маңғыстау ғашықтары», 2005 ж «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», 2006ж С. Жұбаевпен «Отпанның Нұны» кітаптары жарық көрді. 2007ж «Атадан жеткен асыл тіл» кітаптары жарық көрді. Оразмағанбет Тұрмағанбет туралы деректерді жинақтап, жарық көру үшін жұмыстануда. Оразмағанбет қорының мүшесі.


Нияз Тобыш-1956 ж Иран жерінде дүниеге келген. Мектепті Иранда Гумбет – Қауыста оқиды. Тегеран университетін бітірген. Ағылшын тілінің маманы. Иран жерінде жоғары білім алған алғаш қазақтың бірі, оқуды бітіргеннен кейін атамекендегі ағайындарша байланыс жасауына, сол жақтағы белгілі ақындардың еңбектердің Қазақстанда жарық көруіне көп көмек жасады. Қалың парсы ішіндегі аз ғана қазақтың салт дәстүрлерінің жоғалмауы үшін елден арнайы кітаптар алдырып, туған топырақтың қадірін дәріптейтін әртүрлі қойылымдарды дайындап, ел арасында насихат жұмыстарын жүргізді. 1995ж алғашқы көшпен Маңғыстауға оралады. Қазір Есенов атындағы Ақтау университетіндегі оқытушысы, «Тоты нама» аударма кітабы жарық көрген. Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының негізгі еңбзаманнан ектерінің аударушы.

Себасов Марат Бақбергенұлы-1981 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентінде дүниеге келген. Ислам Араб университетінің дінтану араб тілі факультетін, содан соң Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженер – технологиялық факультетін машина жасаудың технология мамандығы бойынша бітірген. Өлкенің ғұлама перзенті Ержан Төлегенұлы хазрет қолданып, мұра еткен «Дақойқұл ахбар (нәзік сырлы хабарлар) және Мунаббихат (жүрек оятушы немесе ескерту) атты кітаптарын араб және шағатай тілдерінен қазақ тіліне аударған. Қазір Ақтау халықаралық теңіз сауда портының инженері.
 






Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002

Көркембай мешіті

Бейнеу ауданының Манашы сайы бойында салынған Көркембай ахунның мешіті күнінде үлкен білім ордасы болған, бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл мешіт – Маңғыстау өлкесінің 19 ғасырда салынған құрылыстарының ең ірісі әрі сәулет жауһары болып саналады. Төбесінде 18

Шақпақ ата жер асты мешіті

Жер асты мешіттерінің аса көркем үлгісі болып табылатын Шақпақ ата мешіті, Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 км солтүстік батыс бағытта Сарытас – Қошақ шығанағына таяу Олғазы тауының етегінде (Шиеліқұдық алқабы) орналасқан. Жартас ішіндегі жасанды

Бекет ата жер асты мешіті

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой  ауданының, Ақкиіз тоғай ауылы. Жаугершіліктің тоқтап, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен бейбіт қарым-

«Маңғыстаудағы ислам» залы

Маңғыстау жерінің әулиелі мекен екені күллі Қазақстанға белгілі. Еліміздегі  ескерткіштердің көбіде біздің өлкемізде орналасқан. Маңғыстаужерінде сақталған аңыздар бойынша мында жергілікті  халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген. Олардың есімдері