Бекет ата жер асты мешіті

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой  ауданының, Ақкиіз тоғай ауылы. Жаугершіліктің тоқтап, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен бейбіт қарым- қатынас құруды армандаған Бекет діни-ағартушылық жолды түсіп, Хиуаға медрессеге оқуға аттанады.  Шерғазы медресесінде атақты Бақыржан қажыдан дәріс алған Бекет еліне қайтып, ұстазының ісін жалғастырып жер  жерден жер асты мешітін салған. Қаранғы халқының дінге, білімге көзін ашып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға себеп туғызған. Бекет атаның өмірінің соңғы кезінде тұрғызған мешіті  Маңғыстау облысының Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан оңтүстік шығыс бағытта 180 км, Сенек ауылынан солтүстік шығыс бағытта 85 км қашықтықты орналасқан. Мешіт табиғаты оте көркем Оғыланды жеріндегі ақ бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып жасалған. Мешіт 4 бөлмеден тұрады, төргі бөлмеде көшетті сырық ағашы бар. Ол пайғамбар жасына келіп қайтыс болған. Бекет ата жер асты мешіті оның сәулеткерлігінің куәсі, халық құрмет тұтатын әулиелі орын деп саналады. Жер асты ғимараты маңында кезінде Бекет ата бұлақты құдықтар бар, қыр басынан ғимаратқа дейін қиялап түсетін жалғыз аяқ жол сақталған. Күні бүгінге дейін дүниенің әр түкпірінен жандарына шипа, көңілдеріне медеу іздеп келген халық осы көшетті орынға көптеп келуде. Мешітке 1999 – 2000ж Маңғыстау реставрацияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, зиярат етушілер дамылдайтын көлемі үлкен мешіті бар кешен тұрғызылды.

Ескі Бейнеуде де Бекет ата жер асты мешіті Бейнеуден оңтүстік бағытта 20 км қашықтақтағы тау мүйісінен ойып жасалған. Бекет ата қазақ халқының ағартушысы ретінде бірнеше бала оқытатын мешіттер тұрғызған. Ерлерін жоқтаған ел кезінде Бекет батыр туралы жырлар шығарған, қазіргі кезде де Маңғыстау туралы жазылған еңбектер атаның атымен басталып, әулие Бекет – атаның рухына арналады. Қиналғанда демеп, адасқанға жол сілтеп, қорыққанды қорғаған бұл ғажайып жанның өнегелі өмірі ерекше қасиеті, игі істеріне халқы сүйсініп пір Бекет атады. Ұрпақтары оның атын ұран етті.

Бекет ата пайғамбарымыздың сүннетін көзінің қарашығындай сақтаушы және оны таратушы, мұсылман қауымы ішіндегі ұлы шайхылардың бірі. Пір Атадан мұраға қалған екі аса таяқтың барлығы белгілі. Оның бірі өз кіндігінен тараған Маңғыстауда тұратын Бердіхан атты ұрпағында, екіншісі ата жолын ұстаған Шектібай атты шәкіртіне қалдырылған, соның ұрпақтары қолында.
 






Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002

Көркембай мешіті

Бейнеу ауданының Манашы сайы бойында салынған Көркембай ахунның мешіті күнінде үлкен білім ордасы болған, бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл мешіт – Маңғыстау өлкесінің 19 ғасырда салынған құрылыстарының ең ірісі әрі сәулет жауһары болып саналады. Төбесінде 18

Шақпақ ата жер асты мешіті

Жер асты мешіттерінің аса көркем үлгісі болып табылатын Шақпақ ата мешіті, Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 км солтүстік батыс бағытта Сарытас – Қошақ шығанағына таяу Олғазы тауының етегінде (Шиеліқұдық алқабы) орналасқан. Жартас ішіндегі жасанды

Бекет ата жер асты мешіті

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой  ауданының, Ақкиіз тоғай ауылы. Жаугершіліктің тоқтап, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен бейбіт қарым-

«Маңғыстаудағы ислам» залы

Маңғыстау жерінің әулиелі мекен екені күллі Қазақстанға белгілі. Еліміздегі  ескерткіштердің көбіде біздің өлкемізде орналасқан. Маңғыстаужерінде сақталған аңыздар бойынша мында жергілікті  халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген. Олардың есімдері