Көне үйіктер

Ежелгі  Маңғыстауды мекендегендердің әдет-ғұрпы мен қол өнерін, дүние танымы мен ақыл-ой парасатын меңзейтін мәдени ескерткіштердің бір түрі – көне үйіктер. Маңғыстау жерінде Тасоба, Қособа , Ақүйік, Қараүйік, Қызылүйік, Жетіүйік аталған үйік төбелер бар. Өліге ескерткіш ретінде орнатылған аумақты келеді. Олар көне заман адамдарының ата-бабаға деген құрметінің белгісі. Мұндай үйіктер үстіне кісі бойындай қада тас немесе кісінің тас мүсіні қойылады. Маңғыстаудағы қауымдық белгі, ескерткіш ретіндегі үйіктер  тайпалар мекенінде, ұлы керуен жолы бойында отырған  елдер қонысында кездеседі. Үйіктер маңызды  күзеттік белгі ретінде орнатылған. Мысалы, бағыт бағдарына қарасақ: Түпқараған – Маната – Төңірек шыңға қарай: Түпқараған –Хорезм – Хиуа – Хорасан – Балқан бағытына: Бозашы – Хиуа –Хорезм жағына, Белеулі – Ойыл бойына, Қошақ – Шерқала – Хиуа немесе Бесбұлақ – Сисем – Үстірт – Хиуа бағытына қарай үйілген. Үйіктердің көпшілігі б.з.д VII – IV ғасырларға  жататын скиф – сақ көсемдерінің үстіне көтерілген ескерткіш іспетті.

2005 жылы Шопан ата қорымынан 1,5 км жерде орналасқан Үлкенқұдық діни қабірлеу орнында  археологиялық зерттеу жұмыстары өткізілді. Кешен екі қабір орнынан тұрады. 1-қабірдің диаметрі 6 м болатын дөнгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылған. Барлық 12 тасты тігінен қойып тұрғызғанда қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді, қабірдің беті плиталармен жабылған , қабір түбінде егде әйелдің сүйегі сақталған, қасында ұсақ жануарлардың қабырғалары салынған кішкене құмыра ыдыс табылған.  

Белеулі керуен сарайы – 19-ғасырда сақталған сәулет өнері ескерткіші, Жібек жолының бір тармағы. Ноғайлы жолының бойында Үстірттің қарақалпақ жағында орналасқан. Солтүстік пен Онтүстікті жалғастыратын керуен жолы болғандықтан оның бойына әрбір  25 км сайын керуен сарайлар салынған. Құлаған ғимараттың биіктігі  8 м жуық, 2 бағанасы мен қақпасы сақталған. Қабырғаларының қалыңдығы 1-1,5 м, бұрыштарын бекемдеп тұрған мұнарларының қалған бөлігінің биіктігі 3,2 м. Белеулі керуен сарайының  ортасында терең шымырау құдық болған.
 






Ескерткіштерді зерттеу жұмыстары

Маңғыстау археологтары  ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай, Түбіжік жерлерінде өткізілді. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы  және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында

Көне үйіктер

Ежелгі  Маңғыстауды мекендегендердің әдет-ғұрпы мен қол өнерін, дүние танымы мен ақыл-ой парасатын меңзейтін мәдени ескерткіштердің бір түрі – көне үйіктер. Маңғыстау жерінде Тасоба, Қособа , Ақүйік, Қараүйік, Қызылүйік, Жетіүйік аталған үйік төбелер бар. Өліге

Тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер

Ежелгі ата-бабалар өнерін әйгілейтін бір мұра – тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер. Әдемі жинақы жасалған ескерткіштердін бір түрі қойтас. Қойтас аталатын ескерткіштердің бір қатарында қабір үстіне сандықша тас қалап, бетіне көлденең тақта тас жабылған.

Қызылқала

Қызылқала – ежелгі сауда сарайы.  Айналасы  800 метрдей төрт бұрышты. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, іші күйдірген кірпіштен қаланған. Соған  қарап Қызылқала деген атау берілген. Қызылқаланың шығыс бетінен арба кіргендей, батыс бетінен атқа, түйеге

Шерқала

Шерқала – Маңғыстау ауданында орналасқан пирамида пішінді шоқылы бөлек тұрған тау. Кезінде Бозашы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы тауда әскери қамал болған. Қамалдың ұзындығы 300 м, биіктігі 207 м. Маңғыстауда болған поляк революционері Б.

Ноғай ордасы

Ноғай ордасы – ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың қолбасшысы Ноғай басқарған  әскери тайпалар мен тікелей маңғыт тайпаларынан кұралған  мемлекеттік бірлестік. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін Каспий мен Арал теңіздерінен Тюменге дейінгі аралықты

Археология залы (Ежелгі Манғыстау тарихы залы)

Б.з.б. VII - IV ғасырларда ерте темір дәуірінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Үндістан, Ауғанстан жерлерін мекендеген тайпаларды ежелгі грек тарихшылары азиялык скифтер деп атаса, парсы тарихшылары сақтар деп атаған. Грек деректемелерінде сақтардын бірнеше