Алдағы жылдары салынатын тарихи ескерткіштер

1.Ту төбенің жанында арғы қазақ мифологиясына, қазақтың батырлар жырына сүйене отырып, қазақтың Үш жүзінің азаматтарының күш пен ой біріктіруі арқасында ел қорғаған баһадүрлерге арналып бірегей образда «Алаш батыры» атты үлкен ескерткіш-монумент орнатылады.

2. Ту төбе мен Көкбөрі арасын қосатын теппе жол және ортасында «Тәуелсіздік алаңы» орналасқан.  Теппе жолдың екі жағына қазақ жерін қорғаған Ұлы Жүз, Орта Жүз, Кіші Жүз және маңғыстаулық батырлардың аты-жөні, өмір сүрген уақыты жазылған мрамор тақталар (Мамаев қорғандағыдай) қойылып, әрленеді. Тәуелсіздік алаңы да қайта жасалып, онда әр түрлі ұлттық патриоттық шаралар ұйымдастырылады.

3. Ту төбеден Ақсарайға баратын соқпақ тас – теппе жол салынады. Мақсат, Ана келбеті ескерткіші жанынан бастау алған теппе жол арқылы шыққан саяхатшы, 362 баспалдақ, Адай Ата кесенесі, Ұран оты алаңы, Көк бөрі, Тәуелсіздік алаңы, Алаш батыры, Ту төбе тарихи нысандары арқылы, кейін қайтпай төбе баурайымен салынған баспалдақпен Ақсарайға оралады. 

  

Жәрияланған күні: 16 мамыр 2017




16 мамыр 2017

Алдағы жылдары салынатын тарихи ескерткіштер

1.Ту төбенің жанында арғы қазақ мифологиясына, қазақтың батырлар жырына сүйене отырып, қазақтың Үш жүзінің азаматтарының күш пен ой біріктіруі арқасында ел қорғаған баһадүрлерге арналып бірегей образда «Алаш батыры» атты үлкен

16 мамыр 2017

Кешендегі ескерткіштер мен нысандар.Кешендегі ескерткіштер мен нысандар

Адай Ата кесенесі маңдайында, 8 бұрышты жұлдыз ортасында бейнеленген 3 тармақты таңба – «үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің тірегі – үш жүздің басының бірлігі» деген мағынаны меңзейді. Кесененің алтын жалатқан қос жақтаулы есігіндегі

 

 

Отпан Жаңалықтарна өту◿