Амал мерекесі 2018

13-14 наурыз күндері Адай ата кесенесі орныққан «Отпан» тарихи-мәдени кешені аумағында дәстүрлі Амал мерекесі тойланып, Адай ата рухына  арнап ас берілді.  Биылғы тойға Адай атадан тараған сегіз арыс ұрпақтарынан басқа Әлім, Табын, Қызылқұрт және Қожа ұрпақтары да атсалысып, кешен етегіне қазақы киіз үйлерін тігіп, қонақ күтісіп, тойды бірге атқарысты.

Биыл да дәстүрлі «Амал–2018»  мерекесі жалғасып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл шара республикалық деңгейде тойланды.

Мерекенің мақсаты: Халық бірлігін және тұтастығын нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізді көрсете отырып, Амал мерекесін тойлау арқылы біртұтас болашақтың ұлтын қалыптастыру, өңірдің салт-дәстүрін насихаттау, халықтар бірлігін нығайту.

Жоспар бойынша  13-14 наурызда өтетін шараға алыс-жақын өңірлерден қонақтар шақырылды. Биылғы Амалдың бір ерекшелігі – республикамыздың қасиетті, киелі жерлерінен, атап айтар болсақ Мәшһүр Жүсіп, Бекет ата, Қорқыт ата, Қожа-Ахмет Иассауи кесенелерінен, Абай – Шәкәрім, Ұлытау, Ақмешіт, «Хан ордалы Сарайшық» кешендерінен өкілдер келді. Аталған қонақтардың қатысуымен наурыздың 13-нен 14-не қараған түні Амалдың Бірлік оты жағылды. Шетпе селосының атшабар алаңында қазақтың ұлттық ат спорты түрлерінен: аударыспақ  (70кг, 80 кг, 90 кг, 90+ кг салмақтар бойынша), аламан бәйге (25 шақырым), құнан жарыс  (9 шақырым) жарыстар өтті.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтады. Облыс әкімінің құттықтауынан кейін қазақ елінің түкпірінен келген киелі кесенелердің шырақшыларының қатысуымен Құнанорыс ауылының азаматтары «Бірлік отын» лаулатты.

Сонымен қатар Маңғыстау облыстық әкімдігі, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің тарихшы ғалымдарының, Мәшһүр Жүсіп кесенесінің шырақшысы Ә.Пазылов, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің өкілі А.Омаров, «Қорқыт ата» кешенінің өкілі А.Бегалиев, Ақмешіт кешенінің өкілі М.И.Мырзабеков, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің өкілі А.Мирзабеков, Ұлытау тарихи-мәдени кешенінің өкілі Б.Қожахметов, «Хан ордалы Сарайшық» кешенінің өкілі Ж.Ғизатов, өлке тарихын зерттеуші өлкетанушылар О.Көшбайұлы, М.Қожырбайұлы қатысуымен «Амал мерекесі – рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге солармен бірге белгілі шығыстанушы, филолология ғылымының докторы, ҚР мәдениет қайреткері, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің жетекші ғалымы, профессор Ислам Жеменей қатысты.

Мерекелік шараға қатысқан көпшілік «Шашу боп жырым шашылсын» атты республикадағы жыр мектептері өкілдері (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай мектептері) мен «Мен қазақпан» мега жобасы жүлдегерлерінің, қала, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламаларын тамашалады. «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, қазақ елінің түкпірінен келген кесенелердің шырақшыларының қатысуымен «Аялы ағаш – саялы» аталатын Адай ата кесенесі жанына тал отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

50-ден астам киіз және темір үйлер тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсетті, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы берілді. Жалпы қатысушылар саны 5 мыңнан аса адамды құрайтын бұл шарада Қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін түрлі қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, қолөнер және түрлі тақырыптағы көрмелер жұртшылыққа таныстырылды.

Шараға жан-жақтағы көрші облыстардан қонақтар келді. Атап айтсақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облысы, Түркістан қаласынан және «Өзенмұнайгаз» АҚ шақыруымен Ресейден қазақ жастары мен зиялылар бас қосып, өз ойларын ортаға салды. Басқосуларда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кеңінен сөз болып, ой-пікірлер айтылды. Көрісу мерекесінің мән мағынасы түсіндіріліп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Түрлі облыстан келген қонақтар тойдың керемет өтіп жатқандығы және оның жастарға берері мол екендігін атап өтті. Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов мұражайға арнайы әкелген сыйын тарту етті. Ескі түркілер заманынан келе жатқан, Қорқыт бабам қолданған, елдің қайғы-шерін мұңлы ызыңымен сездірген өзі жасаған қасиетті нар қобызды Алматылық шебер Хангелді ... «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің мұражайына тарту етті.

Жәрияланған күні: 15 наурыз 2018




20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал республикалық деңгейде

15 наурыз 2018

Амал мерекесі 2018
icon

13-14 наурыз күндері Адай ата кесенесі орныққан «Отпан» тарихи-мәдени кешені аумағында дәстүрлі Амал мерекесі тойланып, Адай ата рухына  арнап ас берілді.  Биылғы тойға Адай атадан тараған сегіз арыс ұрпақтарынан басқа Әлім, Табын, Қызылқұрт және Қожа ұрпақтары да

14 наурыз 2017

Амал мерекесі 2017
icon

Осы жылдың 12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б.

14 наурыз 2016

Амал мерекесі 2016

Наурыз айының 13-14 күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени  кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  Амал мерекесі аясында, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің

14 наурыз 2015

Амал мерекесі 2015
icon

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 ж. Амал мерекесіне орай наурыздың 13-14 күндері Отпан тауда ұлттық қолданбалы өнер туындыларынан жасақталған көрме-жәрмеңке ұйымдастырады. 

14 наурыз 2014

Амал мерекесі 2014
icon

Иәәә, биыл міне Отпан тауда жетінші рет Адай ата мен оның баһадұр ұрпақтарының рухына арналып ас беріліп, Отпан шоқысында Тағзым оты жағылдып, Амал мерекесі тойланды. Биылғы кезек Тобыш ата ұрпақтарында. Биыл Тобыш ата ұрпақтары Амалға дейін «Адай

16 наурыз 2013

Амал мерекесі 2013
icon

13-14 наурызда «Адай Ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне арналған көпшілік мерекелік шара өткізілді. Адайдың алтыншы немересі Жеменей ұрпақтары мерекені ойдағыдай ұйымдастырды. Кешен айналасы салтанатты түрде безендірілді,  жан

14 наурыз 2012

Амал мерекесі 2012
icon

Амал мейрамына және Тағзым отын жағу рәсіміне байланысты  жоспарланған шара ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 5-6 жұлдызына ауыстырылды. Соған қарамастан «Отпан» МКҚК ұжымы 14 наурызда Амал мейрамына арнап, Тұщыбек селосы әкімі

14 наурыз 2011

Амал мерекесі 2011
icon

12–14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған мәдени-көпшілік шара болып өтті. Маңғыстау облыстық мәдениет және облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығымен, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау ауданының әкімдігі,

14 наурыз 2010

Амал мерекесі 2010
icon

13-14 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы  «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған рухани мәдени шара болып өтті. Маңғыстау ауданының әкімдігі, «Отпан» МКҚК  және Құнанорыс ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен